Алюминий негізіндегі көп компонентті системалардың фазалық диаграммаларын термодинамикалық есептеу және тұрғызу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/jemet.2024.i2.03Ключевые слова:
фазалардың көлемдік үлестері, қатты фаза, ликвидус температурасы, растрлық электронды микроскоп, қорытпаның салқындату жылдамдығы, қатты фазаның жалпы салыстырмалы үлесіАннотация
Фазалық диаграммалар жаңа материалдар алудың ғылыми негізі болып табылады. Осыған байланысты ұсынылып отырған жұмыста металдар мен қорытпаларда жүретін фазалық өзгерістердің заңдылықтарын зерттеу, жаңа металл материалдарды алу, оларды өндіру және өңдеу технологияларының теориялық негіздері көрсетілген. Жұмыста алюминий негізіндегі көп компонентті қорытпаларда жүретін фазалық өзгерістерді есептеу әдістерін игеру және олардың фазалық күй диаграммаларын тұрғызу қарастырылған. Жұмыста ыстыққа төзімді, үйкеліске және коррозияға төзімді жаңа алюминий қорытпаларын, оның ішінде Аl-Mg-Zn және Аl–Cu-Si қорытпаларын жасаудың ғылыми негізделген әдістерін іздеу қажеттілігі көрсетілген. Осы мақсатта көп компонентті металл жүйелерінің фазалық диаграммаларын компьютерлік есептеудің заманауи әдістеріне талдау жасалды: Thermo-Calc интерактивті базасы және компоненттердің таралу коэффициенттерін қолдану әдісі қарастырылды. Қатты ерітінділердің тепе-теңдіксіз күйде кристалдану процесі есептелді. Есептеу нәтижесінде Аl-Mg-Zn және Аl–Cu-Si системаларының қорытпасы негізінде көп компонентті жүйелердің фазалық диаграммаларының политермиялық және изотермиялық қималары салынды. Зерттеулер және тиісті жүйелердің қорытпаларының фазалық құрамы мен құрылымы зерттелді. Зерттеу жұмыстарында Al-Cu-Si, Al-Mg-Zn системаларының қорытпаларындағы тепе-теңдіксіз күйде кристалдану процестері талданған. Жаңа қорытпаларды әзірлеу кезінде компьютерлік бағдарламаларды (Thermo Calc) қолдана отырып, жұмыста ұсынылған есептеу әдістерін қолдану және оларды өңдеу технологиялары дайын өнімді шығаруға материалдық және қаржылық ресурстардың шығындарын едәуір азайтуға, сондай-ақ жұмыс жүргізуге қажетті уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2024 Journal оf Energy, Mechanical Engineering and Transport

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>