«Алматы бөлімшесі – жүк тасымалы» вагон ағындарын ұйымдастыруды жетілдіру тұжырымдамасы
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/jemet.2024.i4.08Ключевые слова:
теміржол көлігі, тасымалдауды ұйымдастыру, автоматтандырылған басқару жүйелер, жасанды интеллект, өткізу қабілет, вагонағындар, пойызағындар, теміржол станциясы, маршрутАннотация
Осы ғылыми-зерттеу жұмыстың бөлімінде Алматы тасымалдау бөлімшесінің вагон ағындарын ұйымдастыру мен жетілдірудің теориялық және әдістемелік негіздеріне талдау жасалды. Талдау нәтижелері вагон ағындарын ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтайды және осы бағыттарды жүзеге асыру міндеттерін тұжырымдайды. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ – да тасымалдауды тиімді ұйымдастыру «Алматы бөлімшесі-БП» пойыздарға вагон ағындарын ұйымдастыру жүйесімен және пойыздар қозғалысының кестесімен іске асырылады. Қазақстан Республикасының темір жолдары инфрақұрылымының телімдері бойынша пойыздарды қабылдауға, жөнелтуге және өткізуге ең төмен шығындарды қамтамасыз етуге пойыздарды құрастырудың оңтайлы жоспарын әзірлеу есебінен қол жеткізуге болады. Вагон ағындарын басқару саласында инновациялық технологияларды пайдалану вагон ағындары қозғалысының технологиялық үрдістерінің, пойыз ағындарының автоматтандырылған және модельдеу жүйелерінің өзара іс-қимылын көздейді. Пойыздарды құрастырудың оңтайлы жоспарын әзірлеу кезінде ұйымның келесі кезеңдері қарастырылған: жүктерді тасымалдау жоспарын әзірлеу; полигонды (есептік бағытты) таңдау; вагон ағындарын өткізуді модельдеу; есептік бағыт бойынша вагон ағындарының хат-хабарлар кестесін әзірлеу; жүк пойыздарының әртүрлі санаттары үшін пойыздарды құрастыру жоспарын есептеу әдістемесі; пойыздарды құрастыру жоспарын талдау және түзету. «Қазақстан-2050» Даму Стратегиясында темір жол тасымалының тиімділігі мен сапасын арттыру міндеті маңызды басымдықтардың бірі болып айқындалған. Темір жол көлігінің тұтынушыны тасымалдауда неғұрлым толық және уақтылы қанағаттандыру жөніндегі негізгі міндетін орындау жұмыс тиімділігі мен сапасын, темір жолдарды арттырмай мүмкін емес. Негізделген ұсыныстардың болуы және пайдаланылуы Алматы тасымалдау бөлімшесінің пайдалану қызметінің қарастырылған маңызды бағыттары бойынша тасымалдау үрдісін басқару технологиясын, әдістері мен жүйесін темір жолдардың жұмыс жағдайларына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді. Бұл жалпыға ортақ пайдаланылатын теміржол көлігінің негізгі қызметінің сапасын арттыруға, техникалық-экономикалық әсер алуға мүмкіндік береді.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2024 Journal оf Energy, Mechanical Engineering and Transport

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>