WAAM технологиясымен жасалатын бөлшектердің құрылымына электр доғасының параметрлері: жылу кірісі, сым беру жылдамдығының әсерін зерттеу

Авторы

  • Э. Чукенова Satbayev University, Қазақстан

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/jemet.2025.i1.02

Ключевые слова:

WAAM технологиясы, дәнекерлеу параметрлері, жылу кірісі, сым беру

Аннотация

Мақалада сым-доғалы аддитивті өндіріс (WAAM) технологиясының негіздері, қолдану ерекшеліктері және негізгі параметрлеріне талдау жасалған. WAAM технологиясы күрделі металл конструкцияларды дәл және тиімді жасауға мүмкіндік береді, бұл оны заманауи өндіріс саласында перспективалы әдіс ретінде танытады. WAAM-ның басты артықшылығы – қабат-қабатпен өндіру әдісі арқылы ірі металл бөлшектерді жоғары жылдамдықпен жасау мүмкіндігіне ие. Технологияның негізгі параметрлері – жылу кірісі мен сым беру жылдамдығы, өнімнің сапасына тікелей әсер етеді. Зерттеу барысында әртүрлі дәнекерлеу әдістері (газ металды доғалық, газ вольфрамды доғалық және плазмалық доғалық дәнекерлеу) талданған. Олар параметрлерді оңтайландыру арқылы WAAM өнімдерінің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әр қабаттың жылулық циклдері микроқұрылымның қалыптасуына әсер ететіні анықталған. Бұл процесті тиімді басқару үшін жылу беру мөлшерін бақылау маңызды. WAAM технологиясын дамытудың өзекті мәселелері ретінде бөлшектерді сертификаттау, бұзбайтын бақылау әдістерін жетілдіру қажеттілігі және жылу параметрлерін оңтайландыру қарастырылған. Бұл шаралар өндіріс тиімділігін арттырып, WAAM-ның қолдану аясын кеңейтеді.

Загрузки

Опубликован

2025-03-31

Как цитировать

Чукенова, Э. . (2025). WAAM технологиясымен жасалатын бөлшектердің құрылымына электр доғасының параметрлері: жылу кірісі, сым беру жылдамдығының әсерін зерттеу. Journal оf Energy, Mechanical Engineering and Transport, 2(1), 6–12. https://doi.org/10.51301/jemet.2025.i1.02