Ұнтақтау жабдықтарының және ортадан тепкіш-гирациялық диірменнің қазіргі күйі

Авторы

  • М.А. Алданова Satbayev University, Қазақстан
  • Г.А. Смаилова Satbayev University, Қазақстан

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/jemet.2025.i1.03

Ключевые слова:

диірмен, пайдалы қазбалар, минералды шикізат, ақау ұсақтау, ұнтақтау

Аннотация

Қазақстан үшін маңызды мемлекеттік мәселе – барлық өндіріс деңгейлерінде, әсіресе, кенді қайта өңдеу және байыту сияқты салаларда энергия шығындарын азайту. Байыту технологиясында ең көп еңбекті қажет ететін және энергияны көп тұтынатын процесс – кенді ұсақтау болып табылады, оның үлесіне шамамен 64% энергия шығыны тиесілі. Сондықтан қазіргі уақытта энергия шығындарын азайту өзекті міндеттердің бірі болып отыр. Әлемде жыл сайын миллиардтаған тонна минералды шикізат ұсақталады, ал Қазақстанда жылына шамамен 150 млн тонна кен ұсақтаудан өтеді. Бұл, ең алдымен, мырыш, алюминий, қорғасын, хром, уран, магний, титан және көмір сияқты пайдалы қазбаларды өндіруге арналған кен. Бұл процесс өте энергияны қажет етеді. Қазіргі уақытта қолданылатын диірмендер электр энергиясының орасан зор мөлшерін тұтынады. Кенге қатысты диірмендердің электр энергиясын тұтынудың меншікті көрсеткіші тоннасына 15-20 кВт-қа дейін жетеді. Металл сыйымдылығын және жабдықтың энергия шығынын азайта отырып, өнімділігі жоғары центробежді-гирациялық диірмендерді жасау маңызды конструктивті және технологиялық міндет болып табылады. Бұл жабдықпен жабдықтау диірмендердің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Загрузки

Опубликован

2025-03-31

Как цитировать

Алданова, М. ., & Смаилова, Г. . (2025). Ұнтақтау жабдықтарының және ортадан тепкіш-гирациялық диірменнің қазіргі күйі. Journal оf Energy, Mechanical Engineering and Transport, 2(1), 13–17. https://doi.org/10.51301/jemet.2025.i1.03