Бойлық сыналы орнақтың басу механизмін зерттеу

Авторы

  • M. Амангелді Satbayev University, Қазақстан
  • A. Әлімбетов Satbayev University, Қазақстан

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51301/jemet.2024.i4.01

Ключевые слова:

бойлық сыналы орнақ, басу механизмі, жолақтар, механикалық қасиет, орамдардың ауытқуы, илемдеу

Аннотация

Бұл мақалада жоғары сапалы жолақтарды алу үшін біз  илемдеуге арналған көп функциялы бойлық сыналы орнақтың басу механизмін қарастырдық.Бойлық сыналы оранақтың басу механизмі материалды қалыптау процесін күшейту үшін қосымша қысым немесе күш қолданатын жабдықтың бөлігі болып табылады. Бұл механизмді материалдың аталған сынаның астына басылуын  қамтамасыз ету үшін пайдалануға болады, бұл тығыз және берік бұйымдар жасау үшін қолданылады. Болаттар мен қорытпалардан жасалған жолақтарды илемдеуге арналған көпфункционалды орнақта электр қозғалтқыштары, редукторлар, беріліс ұяшықтары, әмбебап шпиндельдер, муфталар, жұмыс және тірек орамдары бар ұяшықтар, қысым механизмдері бар. Мақалада құрылымы жаңа көпқызметті бойлық-сыналы орнақ ұсынылған. Шеткі элемент əдістемесін жəне металл беріктігінің деформациялық моделін қолданып, математикалық моделдеумен алынған жаңа орнақтың ауыр жүктелген элементерінің жəне илемделетін дайындаманың кернеулік-деформа циялық күйі мақалада талданып, нəтижесі көрсетілген. Көпқызметті бойлық-сыналы орнақ пішінбіліктері диаметрлерінің өзгеруі, илемделетін дайындаманың жəне орнақтың ауыр жүктелген элементтерінің кернеулідеформациялы күйіне қалай əсер ететіндігі анықталған. Жаңа орнақтың қапасында жеткілікті дəрежеде қаттылық жəне айтылған қапастар беріктік шартын қанағаттандыратындығы жұмыста көрсетілген. Ұсынылып отырған орнақта жұқа жолақты жаймалаған кезде, олардың бойлық жəне көлденең бағыттарында алақалыңдық пайда болмайтындығы мақалада дəлелденген. Жаңа орнақ қапастарының ауыр жүктелгелген элементерін модельдеу нəтижесінде, оларды жаңғырту мəселесі шешілген.

Загрузки

Опубликован

2024-12-31

Как цитировать

Амангелді M. ., & Әлімбетов A. . (2024). Бойлық сыналы орнақтың басу механизмін зерттеу. Journal оf Energy, Mechanical Engineering and Transport, 1(4), 1–4. https://doi.org/10.51301/jemet.2024.i4.01