Литий-иондык батареялардын анодын жасау жане электрохимиялык сипаттамаларын зерттеу
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51301/jemet.2024.i1.03Ключевые слова:
литий-ионды батареялар, белсендірілген көмір аноды, электрод, электрохимиялық сипаттамалары, сыйымдылығыАннотация
Әлемдегі энергетикалық дағдарысқа байланысты ғалымдар энергияның әртүрлі балама көздерінін қарастыруда. Қоршаған ортаның ластануынан және қазба ресурстарының жетіспеушілігінен ғалымдар мен инженерлерді қоршаған ортаны ластамай энергияны алу мен сақтаудың жаңа, тиімді әдістерін жасауға итермелейді. Қазіргі кезде литий-ионды батареялар балама энергия сақтау құралы болып табылады және жақсы зерттелген. Литий-ионды батареялар шағын өлшемді, жеңіл, ұзақ қызмет етеді, қуат тығыздығы жоғары, төмен разряд жылдамдығына ие және қалдық жад әсері жоқ. Анод материалында литий иондарын тиімді сақтау және босату мүмкіндігі батареяның сыйымдылығын, меншікті қуатын және қызмет ету мерзімін анықтайды. Бұл анодты материалдардың электрохимиялық сипаттамалары циклдік вольтамметрия, гальваностатикалық циклдік заряд/разряд әдістерді қолдану арқылы мұқият талданады. Бұл сипаттау әдістері анодты материалдардың электрохимиялық сипаттамасы, соның ішінде заряд/разряд сыйымдылығын анықтайды. Экологиялық таза, салыстырмалы түрде энергия сыйымдылығы және тұрақты өнімділігі арқасында литий-иондық батареялар көптеген салаларда қолданылады. Зерттеушілер литий-ионды батареялардың бағасын, сыйымдылығын, өлшемдері шағындығын, қызмет ету мерзімі ұзақтығын арттыру бағытында зерттеу жүргізуде. Анод материалы белсендірілген көмірден алынды, оны алу үшін күріш қауызын екі этаптан тұратын өңдеу арқылы жасалды. Бірінші этапта күріш қауызын карбонизациялау және екінші этапта химиялық белсендіру. Электродтың электрохимиялық сипаттамаларын алу үшін тиын тәрізді CR2032 маркалы батарея жасалынды. Алынған материал сканерлеуші электронды микроскоп және рентгендік фазалық талдау арқылы зерттелді.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Лицензия
Copyright (c) 2024 Journal оf Energy, Mechanical Engineering and Transport

Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution-NonCommercial-NoDerivatives» («Атрибуция — Некоммерческое использование — Без производных произведений») 4.0 Всемирная.
<div class="pkpfooter-son">
<a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/"><img alt="Creative Commons License" style="border-width:0" src="https://i.creativecommons.org/l/by-nc/4.0/80x15.png"></a><br>This work is licensed under a <a rel="license" href="http://creativecommons.org/licenses/by-nc/4.0/">Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International License</a>.
</div>